⚜️ Дәулескер күйші
Киелі Әулиеата жері – талай тарлан таланттар мен шоқ тілді шайырларға бай өлке. Осы топырақтан қаншама Мәдениет Саласының майталмандары мен бүкіл қазаққа аты әйгілі өнер иелері, сан қырлы саңлақтар шыққан. Солардың бірі де, бірегейі, “Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері”, Жамбыл облысының құрметті азаматы – Әбдімомын Желдібаев.
Әбдімомын Желдібаев 1937 жылы 5-қыркүйекте Жамбыл облысы Шу ауданында дүниеге келген. Жамбыл ағарту училищесін, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген. 1964 жылдан Шу аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі болды. 30 жылдан астам уақытта «Шу еркесі» халық аспаптар ансамбліне жетекшілік етті.
Композитордың “Толғау”, “Ерке сылқым”, “Боз жігіт”, “Жесір сазы”, “Ыдырыс”, “Аққу”, «Арман құс», «Абай арманы», «Жамбыл толғауы», «Тұран елі» сияқты 70-тен астам күйі мен әні бар. Тыңдарманның жүрегінен ерекше орын алған күйі “Ерке сылқым”.
Дара тұлға, абыз күйші 90 жасына таяған уақытта дүниеден озды.
Өмірі мен өнерін ұштастырған бірегей тұлғаның туындылары ел жүрегінде…
– ЕСІМІ ӨШПЕЙДІ –