Аяқ доп аламаны
⚜️Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай 24 мамыр күні сала мамандары арасында аяқ доп аламанына кино орталығы қызметкерлері де қатысты.
⚽️Биылғы кіші футбол турнирінде 6 команда бақ сынасты.
▫️ Ойын нәтижесіне сәйкес жеңімпаз команда Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ауыспалы кубогымен, жүлдегер командалар деңгейлі түрде қаржылай сыйлықтармен марапатталды.
🔹Айта кетейік, футбол турнирін облыстық халық шығармашылығы орталығы биыл бесінші мәрте ұйымдастырып отыр.