
“Күшіміз бірлікте”
Көктемде Еліміздің 10 өңірінде төтенше жағдай жарияланып, ондаған мың адам эвакуацияланған болатын.
Осы жайтқа байланысты “Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының “Мөлдір бұлақ” облыстық оқу-сауықтыру орталығына Ақтөбе облысы, Ойыл ауданынан 50 бала келген болатын.
Осыған орай, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының “Облыстық кино орталығы” КМҚК аталған балаларға қолдау көрсету мақсатында сәуір айының 23 жұлдызында “Біздің қаланың ханзадасы” атты арнайы тақырыптық кино көрсетілімі ұйымдастырылды.








