
8-Наурыз “Жауқазын ғұмыр” атты ғибратты кеш.
🔸Ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу, жастарды отансүйгіштікке, ерлікке баулу маңыздылығын ескере отырып, Ауған соғысы ардагер ханымдар қауымына құрмет көрсету мақсатында “Жамбыл облыстық кино орталығында” 5 наурыз күні Ауған соғысына қатысқан ардагер аналарға 8-Наурыз мерекесіне орай, “Жауқазын ғұмыр” атты ғибратты кеш өткізілді.
🔹Іс-шараға “жауынгерлік құрметін” иеленген Ауған соғысы ардагер ханымдары және Жамбыл жоғары медициналық, “Болашақ” колледждерінің білімгерлері қатысты.