Аяқ доп аламаны
Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай 24 мамыр күні сала мамандары арасында аяқ доп аламанына кино орталығы қызметкерлері де қатысты.
Биылғы кіші футбол турнирінде 6 команда бақ сынасты.
Ойын нәтижесіне сәйкес жеңімпаз команда Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ауыспалы кубогымен, жүлдегер командалар деңгейлі түрде қаржылай сыйлықтармен марапатталды.
Айта кетейік, футбол турнирін облыстық халық шығармашылығы орталығы биыл бесінші мәрте ұйымдастырып отыр.