8-Наурыз “Жауқазын ғұмыр” атты ғибратты кеш.
Ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу, жастарды отансүйгіштікке, ерлікке баулу маңыздылығын ескере отырып, Ауған соғысы ардагер ханымдар қауымына құрмет көрсету мақсатында “Жамбыл облыстық кино орталығында” 5 наурыз күні Ауған соғысына қатысқан ардагер аналарға 8-Наурыз мерекесіне орай, “Жауқазын ғұмыр” атты ғибратты кеш өткізілді.
Іс-шараға “жауынгерлік құрметін” иеленген Ауған соғысы ардагер ханымдары және Жамбыл жоғары медициналық, “Болашақ” колледждерінің білімгерлері қатысты.