Ұлттық кино мәртебесі
Келесі негіздер біріктірілген жағдайда фильм ұлттық болып танылады…
“Ізбасар” қысқаметражды фильмі
“Курорт плюс” телехикаясы
“Айсұлул” деректі фильмі
“Ат әбзелдері” деректі фильмі
“Таңғажайып күз” деректі фильмі
“Ер тұрман” деректі фильмі
“Мейірімді ана” деректі фильмі
“Тоғыз құмалақ” деректі фильмі
“Бурно – октябрь”, “Ақтөбе”, “Майтөбе” қалашықтарының тарихы
Қарасай петроглифтері “Қола дәуірі – ерте темір дәуірі”
Жамбыл облыстық әлеуметтік оңалту орталығы
“Қан тапсырып, өмір сыйлай” донорлық жайында
Жемқорлық жайында
Жемқорлық жайында
Жемқорлық жайында
2024 жылғы Тараз қаласындағы Наурыз мейрамын тойлау сәттері
Келесі негіздер біріктірілген жағдайда фильм ұлттық болып танылады…
Кинематография саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыру мақсатында…
Ұлттық фильм деп тануға үміткер киножобаларды іріктеу ережелері
Келесі негіздер біріктірілген жағдайда фильм ұлттық деп танылады:
1) егер фильм жоғары көркемдік деңгейде жасалса, халықтың рухани сұранысын қанағаттандыруға қабілетті болса, мемлекеттік мүдделерге қызмет етсе, сондай-ақ кино өнері арқылы Қазақстан Республикасын тануға қызмет етсе;
2) фильмдерді шығаруда, таратуда және көрсетуде сметалық есеп бойынша жалпы жұмыс көлемінің кемінде жетпіс пайызын Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген кинематография ұйымдары жүзеге асырады;
3) фильмді жасаушылар Қазақстан Республикасының азаматы және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген заңды тұлға болып табылса;
4) фильм авторларына (сценарий авторы, режиссер, оператор, қоюшы-суретшi, музыкалық туындының авторы) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын адамдардың елу пайызынан аспайтын адамдар жатады.
5) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттың талаптарына сәйкес шетелдік кинематографиялық ұйымдармен бірлесіп түсірілген фильм ұлттық деп танылуы мүмкін.
6) ұлттық мәртебе алған фильмге тиiстi куәлiк қойылады.
Ұлттық кино мәртебесін алуға үміткер киножобаларды қаржыландыру мынадай көлемде жүзеге асырылады:
1) әлеуметтік маңызы бар фильмдер, дебюттік фильмдер, оқиғалы фильмдер үшін – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өндірістің сметалық құнының жүз пайызына дейін;
2) бірлесіп түсірілген фильмдер үшін – тиісті өндіріс туралы шарттарда көзделген шекте;
3) кең аудиторияға арналған көркем фильмдер үшін:
– 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – оларды өндірудің сметалық құнының тоқсан пайызы;
– 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – оларды шығарудың сметалық құнының сексен пайызы;
– 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап – оларды өндірудің сметалық құнының жетпіс пайызы.
Кинематография саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыру мақсатында Ұлттық кинематографияны қолдаудың мемлекеттік орталығы режиссерлерді, сценаристерді және басқа да мамандарды оқытуды ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
Сондай-ақ жетекші қазақстандық және шетелдік сарапшылардың қатысуымен актерлік шеберлік сабақтарын өткізу жоспарлануда.
2021 жылға арналған біліктілікті арттыру курстарының бағдарламасы әзірленуде.