Облыстық кино орталығы
Негізгі миссиясы – кинематография саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және отандық киноиндустрияны дамытуға жағдай жасау.
Орталық іс-шаралары ұлттық фильмдерді шығару мен насихаттауды қолдауға, кинопрокатты дамытуға және қаладағы кинотеатрлар санын арттыруға бағытталған.

Қысқаша тарихы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 желтоқсандағы қаулысы негізінде «Жамбыл облыстық кинопрокат» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта құру жолымен құрылған Жамбыл облыстық мәдениет басқармасының «Жамбыл облыстық кинопрокат» коммуналдық қазыналық кәсіпорны. «Жамбыл облыстық мәдениет, спорт және туризм басқармасының» барлық құқықтары мен міндеттерінің мирасқоры болып табылады.
2005 жылы облыс әкімінің үкімімен «Облыстық халық шығармашылығы орталығында» «Кинобейнетехника» бөлімі болып қайта құрылды.
Ал 2012 жылы «Облыстық кино орталығы» Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты коммуналдық қазыналық кәсіпорнына айналды. «Кәсіпорын» деп өзгеруіне байланысты қайта тіркелді.
Тәуелсіз мекеме ретінде қалпына келтірілгеннен кейін кәсіпорын жаңа тыныспен жұмыс істей бастады.
Циклорама мен хромакей
Кино орталығында циклорама және хромакей бар
Циклорама – бұл бір түсті фон жасауға мүмкіндік беретін көлденең және тік жазықтықтардан құралған құрылым. Мұндай дизайн алғаш рет теледидардағы жаңалықтарда қолданылды. Кейінірек олар көптеген фото және бейне студияларда кең таралған. Олардың фонмен салыстырғанда артықшылығы – циклораманың қатты құрылымы бар және бұл оған сүйенуге мүмкіндік береді.


Хромакей (ағылшын тілінен – chroma key, тура мағынасында «түстердің кілті» деген мағына береді) — екі немесе одан көп кескіндерді немесе кадрларды бір композицияға қиыстыру технологиясы.
Хромакей – бір композицияда, яғни бір кескінде екі және одан көп сурет немесе кадрларды арнайы түстер арқылы ажырату технологиясын білдіреді. Бұл технология кино түсіруде және теледидарда терең қолданылады. Бейнені түсіру кезінде объект (адам немесе кез келген зат) бір түстік фонға орнатылады, түсіріп болған соң бейнені монтаждау кезінде объект артындағы біртүстік фонды алып тастап, яғни өшіріп оның орнына кез келген бейнені орналастыруға болады. Объекттің артыңғы қабатына біртүстік фонына кез келген түспен түсіруге болады, дегенмен дүниежүзілік стандарт бойынша жасыл және көк біртүстер қабылданған. Стандартқа сәйкес киноларды түсіруде жасыл түс қолданылады, ал теледидарда көк түс қолданылады.
Кинорум
Сонымен қатар кино орталығында шағын кино көрсететін залы бар. Онда жиі-жиі ақылы көрсетілімдер жүргізіледі.