Бақсы көркем фильмі

Қазақ кино жинағының шоқжұлдыздары

Бақсы — фильм Қазақстандағы ежелден келе жатқан бақсылардың соңғы тұяғы Бибіфатиманың өмірінен алынған.

Қазақ даласының алыс бір түкпірінде, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан бақсы тұрады. Жоғалғанның жоғын, аурудың емін , баласы жоққа бала, панасы жоққа пана тауып беріп жүрген осы аймақтағы белгілі бақсы. Оның бұл бақсылық қасиеті тек осы жерлерде ғана іске асады.

Бірақ кәсіпкерлер, бұл жерге ойын- сауық орталығын салмақ болады. Сатуға келіспеген бақсыны күштеп- қорқытып көшірмек болады. Солай бақсының қарғысына қалады. Жер дауы қан дауына айналады.