
Деректі фильм – “Көне Тараз” тарихына саяхат
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, соның ішінде көру кабілеті нашар адамдарға қажетті жағдайлар жасау мақсатында қазақ тіліндегі сөйлеу синтезі (экран дикторы) жобасын іске асырғандығын хабарлайды. Келтірілген сілтеме бойынша өтіп, сайтен таныса аласыздар: https://screenreader.tilqazyna.kz/
«Бақсы» фильмі
Фильм Қазақстандағы ежелден келе жатқан бақсылардың соңғы тұяғы Бибіфатиманың өмірінен алынған.
Қазақ даласының алыс бір түкпірінде, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан бақсы тұрады. Жоғалғанның жоғын, аурудың емін , баласы жоққа бала, панасы жоққа пана тауып беріп жүрген осы аймақтағы белгілі бақсы. Оның бұл бақсылық қасиеті тек осы жерлерде ғана іске асады.
Бірақ кәсіпкерлер, бұл жерге ойын- сауық орталығын салмақ болады. Сатуға келіспеген бақсыны күштеп- қорқытып көшірмек болады. Солай бақсының қарғысына қалады. Жер дауы қан дауына айналады.
«Амангелді» фильмі
Қазақ киносының жинағы — «Амангелді» көркем фильмі. Қазақ кинотарихындағы алғашқы дыбыстық фильм.
🥇РЕСПУБЛИКАЛЫҚ САЙЫСТА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН!
📚Жас ақын, педагог- Еркінғазы Айтбаевтың ұйымдастыруымен кезекті маусым айындағы Республикалық онлайн мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.
👏🏻Додаға облыстық кино орталығының қызметкері Жолдасбек Ақберен Нұрланқызы қатысты. Финалдық кезеңде 200-ден астам өнерпаз бақ сынап, біздің қызметкеріміз жүлделі I орынға ие болды.
👏🏻Ақберен Нұрланқызын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!
Назарларыңызға I орын иегерінің туындысын ұсынамыз⬆️
№40 гимназиядағы көрсетілім
📽️№ 40 ГИМНАЗИЯДА КИНО КӨРСЕТІЛІМ ӨТТІ
✨Оқу жылын аяқтаған балалар жазғы демалысын тиімді өткізу үшін мектеп жанындағы лагерьлерге қатысуда. Қуаныш пен шаттыққа толы ұмытылмас естеліктер қалдыратын жазғы лагерь балалар үшін таптырмас мүмкіндік.
🎞️Бүгін облыстық кино орталығы №40 мектеп-гимназиясында көрсетілім ұйымдастырды. Фильм балаларға ерекше әсер қалдырып, кішкентай бүлдіршіндер көтеріңкі көңіл-күймен шықты.
Жазғы көрсетілімдердің тағы бір күні
🔶 Жазғы демалыс лагеріндегі балалар киноны тамашалауды жалғастыруда. 🎬 Сіздердің назарларыңызға 25 маусымда өткен көрсетілімнің суреттерін ұсынамыз. 🖇️Облыстық кино орталығы балаларға кино көрсетуден жалықпайды. Бастысы — бала бақытты болса болғаны.
№31 орта мектебіндегі көрсетілім
🎬 Облыстық кино орталығы қызметкерлері 24 маусым күні кинокөрсетілімдердің 4-ші аптасын бастады. ❣️ Бүгін №31 орта мектептің балалары біздің киномызды тамашалады.
Балаларға тағы да кино көрсетілді
Кино орталығы 21 маусым күні қатарынан 2 ауысым бойы кино көрсетумен болды. Балалар бақытты болу үшін бар күшімізді салудамыз. 2 ауысымның балаларын бейнелеген түсірілімді назарларыңызға
Балуан Шолақтың өмір жолы
21 муасым күні Облыстық кино орталығы кинозалында Қазақтың балуаны халық композиторы Балуан Шолақтың 160 жылдығына орай «Балуан Шолақтың өмір жолы» атты деректі фильм көрсетілімдері өтті.
Кинокөрсетілімдер жалғасуда
21 маусымда Облыстық кино орталығы кинокөрсетілімдерді ұйымдастыруды жалғастыруда. Балалар 2 ауысым болып кино тамашалауға келгелі отыр. Оның біріншісінде түсірілген бейнелер сіздердің назарларыңызда.
Балаларға кино көрсетілуде
20 маусымда Кино орталығында 3 кинокөрсетілім өтті. Соңғы көрсетілімге қатысқан балалардың суреттерін көре аласыздар. Балалар бақытты болса, біз де бақыттымыз.
Кино орталығындағы тағы бір көрсетілім
⚜️20 маусым күні Кино орталығында қызу жұмыс жүруде. 🖇️Балалар кино көрсе, біз оны көрсетеміз. 🎬2-сеанстың фото-видеоларын назарларыңызға ұсынамыз.
Кино орталығы көрсетілімдер ұйымдастыруда
⚜️ Кино орталығы жазғы көрсетілімдерді ұйымдастыруды жалғастыруда.
🖇️ Бүгінгі 20 маусым күні кинозалымызда 3 көрсетілім жоспарлануда.
🎬 Соның алғашқысының камераға түскен сәттерін ұсынамыз.
№42 орта мектебіндегі көрсетілім
⚜️19 маусым күні қызметкерлеріміз тек кинозалымызда емес, сонымен қоса сыртқа шығып кино көрсетті.
🖇️ Атап айтқанда №42 орта мектептің демалыс лагеріндегі балаларға көрсетілім ұйымдастырылды.
Жазғы көрсетілімдер жалғасуда
♦️ 19 маусым күні Облыстық кино орталығына кино көру үшін тағы да кішкентай бүлдіршіндер қонаққа келді.
🖇️ Кино орталығы көрермендерді қатарынан 2 сеанс бойы қуантты.
🎬 Осы көрсетілімдер бойына түсірілгер фото-бейнелерді назарларыңызға ұсынамыз.
№46 орта мектебіндегі көрсетілім
18 маусымда қызметкерлеріміз тағы да балалардың демалысын қызық етуге өз үлестерін қосты. Кезекті кинокөрсетілім №46 орта мектебінде өтті.
Жазғы лагердегі балаларға кезекті кинокөрсетілім
Облыстық кино орталығы жазғы демалыс лагерлеріндегі балақайлардың бос уақыттарын тиімді өткізу мақсатында кезекті кинокөрсетілімдерін жалғастыруда! Маусым айының 18-жұлдызында кино орталағымызға 12 орта мектептен кішкентай көрермендеріміз келген болатын! Біздің орталық балақайлардың жазғы демалыстарын қызықты, әрі пайдалы өткізулеріне үлес қосуға әрдайым дайын!
Әке күніне арналған кұттықтау
16 маусым — Әке күніне арнап, облыстық кино орталығы қызметкерлері құттықтау әзірледі. 🔸 Әке – “отбасы” деген шағын мемлекеттің басшысы, тірегі. Әкенің отбасында орны бөлек, тұғыры биік. Балалар үшін әке – ұлы қорған. Әкесі жанында болғанда әрбір бала өзін қауіпсіз сезінері хақ. ❣️Әр шаңырақтағы асқар тау әкелеріміз аман болсын! Мерекелеріңізбен, құрметті әкелер!
№32 орта мектебі балаларына көрсетілім
Біздің қызметкерлер 14 маусым күні жазғы лагердегі балаларға кино көрсету үшін шыққан болатын. Бүгінгі көрсетілім №32 орта мектебінде болды. Кино орталығы әрдайым қуаныш сыйлауға әзір.
Жазғы лагер балаларына көрсетілім
Бүгін 14 маусым күні Облыстық кино орталығында тағы да кинокөрсетілімдер болды. Барлығы да жас бүлдіршіндерге арналады. Кино орталығы әрқашан да бақыт сыйлауға әзір.
Мектеп лагерлері балаларына жаңа көрсетілім
Бүгін 13 маусым күні қызметкерлеріміз балаларға базарлық сыйлаумен қызу айналысуда. Кинозалымызға кино көруге келген 2-сеанс балалары мен Сағадат Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектебінде жүргізілген көрсетілім суреттерін ұсынамыз.
Кино орталығы мектеп лагерлеріне көрсетілім жасауда
Облыстық кино орталығы мектеп лагерілерінде демалып жүрген балаларға кино көрсетілімдерді жалғастыруда. 13 маусымда кинозалымызда 1-ші сеанста қонақта болған бүлдіршіндердің суреттерін ұсынамыз.
Балаларға кезекті көрсетілім
Облыстық кино орталығы жиі-жиі кинокөрсетілімдер ұйымдастырып отырады. Осындай көрсетілімдердің бір сыпырасы жаз айларына тұспа-тұс келіп жатады. Мектеп лагерінде демалып жүрген балаларға 12 маусым күні керемет бір тамаша тарту етілді. Көріп тұрғандарыңыздай зал оқушыларға лық толы болды.
Жазғы лагердегі балаларға көрсетілімдер өтуде
Облыстық кино орталығы жазғы лагерде демалып жүрген балаларға кино көрсетуді жалғастыруда. Кезекті көрсетілім 12 маусымда біздің кинозалымызда өтті. Бізден — кино, балалардан — қуаныш! Бақыт әкелу миссиясы орындалды!
Нарғозы Данаев атындағы мектеп лагеріндегі балаларға кино көрсетілім
11 маусымда Облыстық кино орталығы қызметкерлері жазғы лагердегі балаларға кинокөрсетілімдерді ұйымдастыруды жалғастырып, Нарғозы Данаев атындағы орта мектептің балаларына көрсетілім жүргізді.
Балуан Шолақтың 160 жылдығына орай көрсетілім
11 маусымда Облыстық кино орталығы кинозалында кезекті мектеп лагеріндегі балаларға көрсетілім кезінде қазақ халқының композиторы Балуан Шолақтың 160 жылдығына орай «Даралардың мерейтойы тойлансын…» атты деректі фильм көрсетілімі ұйымдастырылды.
Балаларға көрсетілімдер жалғасуда
Осыдан 10 күн бұрын қаламызда жазғы лагерлер маусымы басталған болатын. Осыған байланысты Облыстық кино орталығы балаларға кино көрсетілімдер ұйымдастыруды бастап кетті. Көрсетілімдер 10 маусым күні де жалғасты.
Жазғы лагердегі балаларға мультфильмдер топтамасы көрсетілді
Облыстық кино орталығы мектеп лагерлеріне жыл сайын кино көрсетілімдер ұйымдастырады. Осы жылы да 7 маусым күнінен бастап, мектеп лагерлеріне көрсетілімдер басталды.
Ақын Шона Смаханұлының 100 жылдығына орай балаларға кино көрсетілім ұйымдастырылды
Ақын Шона Смаханұлы биыл жүзге толып жатыр. Осыған байланысты 7 маусым күні Облыстық кино орталығы кинозалында ақынның өнегелі өмірі туралы деректі фильм мектеп оқушыларына үлгі болу ретінде көрсетілді.
Балаларға арналған кино көрсетілімдер
⚜️Мектеп оқушыларының жазғы демалысын тиімді өткізу мақсатында 10-14 маусым аралығында №47, №9, №51, №6 мектеп оқушыларына Облыстық кино орталығының кино залында «Тоқтамыс» атты тақырыптық кино көрсетілім ұйымдастырылады.
4 маусым — Мемлекеттік рәміздер күніне орай қызметкерлеріміз жүргізген сауалнама
Қызметкерлеріміз қала көшелерін аралап, тұрғындардың мемлекеттік рәміздер туралы білімін тексерді.
4 маусым — Мемлекеттік рәміздер күні
Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер. Мемлекеттік рәміздер – ел дамуының ажырамас бөлігі. Сондықтан қазақстандықтардың осы рәміздерге деген құрметі, оларды бойтұмардай қастерлеуі ерекше сезіліп тұруы тиіс. Рәміздер арқылы елімізді бүкіл әлем таниды. Өйткені онда қазақ халқының бастан өткізген тарихы, мәдениеті мен дәстүрі көрініс береді.
Облыстық кино орталығы қызметкерлері мемлекеттік әнұранды орындады
⚜️”4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні”
🇰🇿Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздері күніне орай, “Облыстық кино орталығы” КМҚК қызметкерлері мемлекеттік әнұранды орындады.
Мемлекеттік рәміздер күніне орай көрсетілім
3 мамырда ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне орай, мекеме қызметкерлеріне “Мой флаг — моя Родина” атты тақырыптық кино көрсетілім ұйымдастырылды.
“Балалар мен жасөспірімдердің арнаулы мектебі” КММ-не тақырыптық кино көрсетілімі
“1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күні”
🔹31 мамырда Облыстық кино орталығы қызметкерлері 1 маусым — халықаралық балаларды қорғау күніне орай, “Балалар мен жасөспірімдердің арнаулы мектебі” КММ-не тақырыптық кино көрсетілімі ұйымдастырылды.
1 маусым — Балаларды қорғау күні
Аяқ доп аламаны
⚜️Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай сала мамандары арасында аяқ доп аламанына кино орталығы қызметкерлері де қатысты.
⚽️Биылғы кіші футбол турнирінде 6 команда бақ сынасты.
▫️ Ойын нәтижесіне сәйкес жеңімпаз команда Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ауыспалы кубогымен, жүлдегер командалар деңгейлі түрде қаржылай сыйлықтармен марапатталды.
🔹Айта кетейік, футбол турнирін облыстық халық шығармашылығы орталығы биыл бесінші мәрте ұйымдастырып отыр.
⚜️ Дәулескер күйші
Киелі Әулиеата жері – талай тарлан таланттар мен шоқ тілді шайырларға бай өлке. Осы топырақтан қаншама Мәдениет Саласының майталмандары мен бүкіл қазаққа аты әйгілі өнер иелері, сан қырлы саңлақтар шыққан. Солардың бірі де, бірегейі, “Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері”, Жамбыл облысының құрметті азаматы – Әбдімомын Желдібаев.
Әбдімомын Желдібаев 1937 жылы 5-қыркүйекте Жамбыл облысы Шу ауданында дүниеге келген. Жамбыл ағарту училищесін, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген. 1964 жылдан Шу аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі болды. 30 жылдан астам уақытта «Шу еркесі» халық аспаптар ансамбліне жетекшілік етті.
Композитордың “Толғау”, “Ерке сылқым”, “Боз жігіт”, “Жесір сазы”, “Ыдырыс”, “Аққу”, «Арман құс», «Абай арманы», «Жамбыл толғауы», «Тұран елі» сияқты 70-тен астам күйі мен әні бар. Тыңдарманның жүрегінен ерекше орын алған күйі “Ерке сылқым”.
Дара тұлға, абыз күйші 90 жасына таяған уақытта дүниеден озды.
Өмірі мен өнерін ұштастырған бірегей тұлғаның туындылары ел жүрегінде…
– ЕСІМІ ӨШПЕЙДІ –
Біздің қызметкерлер марапатталды
21 мамыр Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті “Облыстық кино орталығының” мекеме басшысы Д. Асанованы және қызметкерлерін алғыс хатпен марапаттады.
Балаларға көрсетілім
Облыстық кино орталығы жиі балаларға көрсетілім ұйымдастырады. Осы жолы да 22 мамыр күні осындай бір балаларға көрсетілім болды.
⚜️21 мамыр — Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні.
🔸Өнер — асыл ұғым. Өлшеулі өмірін өнерімен ұштастырып өнердің қазанында қайнап жүрген өнерпаздар жетерлік. 🔹Атап айтсақ, әнші де, ақын-жырау да, актер де, күйші де, биші де — бар өмірін өнерге арнаған майталмандар. 📎”Отқа салса күймейді, суға салса батпайды”, деген ұғым осы тұлғаларға айтылғандай сірә. -Шын талант үшін өнер —өнер емес, -Шын талант үшін өнер — өмір. 📎Құрметті, Мәдениет және өнер қызметкерлері, “Облыстық кино орталығы” ұжымы, Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтайды!
Облыстық кино орталығында тәрбиелік көрсетілім өтті
Облыстық кино орталығы өскелең ұрпаққа кинокөрсетілімдерді жалғастыруда. Осы жолғы көрсетілімде жас білімгерлерге тәрбиелік мәнде көркем фильм ұсынылды.
⚜️15 мамыр-Отбасы күніне арналған көрсетілім
⚜️15 мамыр — Отбасы күніне арнап жасалған бейнеролик көрсетілімі ұйымдастырылды. 🔸Сонымен қатар жас-жеткіншектер отан алдындағы борыштарының маңыздылығын аңғартатын Ұлы Отан соғысы туралы фильм көрсетілді.
15 мамыр — халықаралық отбасы күні.
⚜️15 мамыр — халықаралық отбасы күні. Атаулы күн 1993 жылдан бастап БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарына сәйкес жыл сайын атап өтіледі. Бұл күнді белгілеу—отбасындағы көптеген проблемаларға елдегі қоғамның назарын аудара түсу мақсатын көздейді. Бала отбасында алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі — бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі.
Аналар күні 🔸
Ана – адамзат баласының дүниеге келуіне себепкер болатын аяулы жан. Ана дегенде жүрегі жылымайтын адам жоқ. Бауыр еті баласы үшін сұлулығын, денсаулығын, жан тыныштығын құрбан етуге дайын аналарды қалай құрметтесек те, артық емес. 🔹Көктемнің шуақты күндері аналар мерекесінің аталып өтіледі. Осыған байланысты аналар жайлы социологиялық сауалнамалар бойынша және статистикалық деректерге негізделген ақпарат жиынтығын ұсынамыз.
Аналар күніне арнап бейне-хабарландыру
Кино орталығы қызметкерлері аналар күніне арнап, бейне-хабарландыру жасады.
1 мамыр — Халықтар бірлігі күніне орай бейнелер көрсетілім
30 сәуірде Облыстық кино орталығы кинозалында жергілікті білімгерлерге 1 мамыр — Халықтар бірлігі күніне орай бейнелер көрсетілімі ұйымдастырылды. Сонымен қатар жас-жеткіншектерге отан қорғаудың маңыздылығын көрсететін тәрбиелік фильм көрсетілді.
“Күшіміз бірлікте”
Көктемде Еліміздің 10 өңірінде төтенше жағдай жарияланып, ондаған мың адам эвакуацияланған болатын. Осы жайтқа байланысты “Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының “Мөлдір бұлақ” облыстық оқу-сауықтыру орталығына Ақтөбе облысы, Ойыл ауданынан 50 бала келген болатын. Осыған орай, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының “Облыстық кино орталығы” КМҚК аталған балаларға қолдау көрсету мақсатында сәуір айының 23 жұлдызында “Біздің қаланың ханзадасы” атты арнайы тақырыптық кино көрсетілімі ұйымдастырылды.
8-Наурыз “Жауқазын ғұмыр” атты ғибратты кеш.
🔸Ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу, жастарды отансүйгіштікке, ерлікке баулу маңыздылығын ескере отырып, Ауған соғысы ардагер ханымдар қауымына құрмет көрсету мақсатында “Жамбыл облыстық кино орталығында” 5 наурыз күні Ауған соғысына қатысқан ардагер аналарға 8-Наурыз мерекесіне орай, “Жауқазын ғұмыр” атты ғибратты кеш өткізілді. 🔹Іс-шараға “жауынгерлік құрметін” иеленген Ауған соғысы ардагер ханымдары және Жамбыл жоғары медициналық, “Болашақ” колледждерінің білімгерлері қатысты.
“Бізбен бірге” әлеуметтік бейнероликтер байқауы
Облыстық кино орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 17 қазанынан 17 қарашаға дейін «Бізбен бірге» әлеуметтік бейнероликтер байқауы жарияланған болатын. Байқауға 17 қатысушының бейнероликтері іріктеуден өтті.
🏆Байқау нәтижесі төмендегідей:
I орын – Қордай ауылдық мәдениет үйінің қызметкері Сабырқожа Мухитжан Асхатұлы(100 000 теңге);
II орын – Иннокентий Пак (70 000 теңге);
III орын – Нурсултан Бухарбаев (50 000 теңге);
🖇️Сонымен қатар «Көрермен көзайымы» номинациясын Шу аудандық мәдениет үйінің маманы Жанат Ескараева, «Үздік оператор» номинациясын Эльбрус Алтынбай, «Үздік сценарий» номинациясын Махамбет Ильдрахманов иеленіп, барша номинация иегерлері 20 000 теңге қаржылай сыйлықпен марапатталды.
Наурыз құтты болсын!
Наурыз – көктемнің, өсудің, жаңарудың мерекесі. Мамандарымыз Тараз қаласындағы Наурыз мерекесін тойлау сәтін түсіріп алды. Назарларыңызға мерекелік кештен бейнеролик ұсынамыз.